432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Артем Резников Мәскеу төрінде Юсуф Раисовты жеңді

  • 194
  • UPD: 10:10, 20.09.2020
Артем Резников Мәскеу төрінде Юсуф Раисовты жеңді

Қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) ACA 111 турнирінде керемет өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

ACA 111-дің екінші басты жекпе-жегінде 28 жастағы Резников ACB-нің бұрынғы жеңіл салмақта (66 кг) әлем чемпионы, ресейлік Юсуф Раисовпен (16-2) кездесті. Күткен жекпе-жек іс жүзінде тең дәрежеде өтті. Әр минут сайын басымдылық бір спортшыдан екіншісіне ауысып отырды.

Жоспарланған үш раунд тартысты өтті. Төрешілер ге шешім қабылдау оңай болған жоқ. Әйткенмен, жерлесіміз бір төрешінің дауысын артық жинап, жеңіс тойын тойлады. Бұл Резников үшін мансабындағы 11-ші жеңіс. Және АСА қанағатындағы үшінші жеңісі.

Раисовқа келетін болсақ, файтер мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Хабар 24 телеарнасы