432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа чемпионаты: Австрияға қарсы ойынға кімдер шақыртылды

  • 135
  • UPD: 16:12, 21.09.2020
Еуропа чемпионаты: Австрияға қарсы ойынға кімдер шақыртылды

Жаттықтырушылар штабы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталған соң Иван Азовский шәкірттері оқу-жаттығу жиынын бастады.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, сонымен қатар селекция жұмыстарын тиімді жүргізу үшін ішкі жарыстар мен ұлттық құраманың жиыны тек бір жерде, Шымкент қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Австрия құрамалары арасындағы ойын «Намыс» стадионында өтеді.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Назым Исмаилова («Оқжетпес»), Миллана Бурдакова (СДЮСШОР №8);

Қорғаушылар: Әйгерім Айтымова, Жанерке Перме (екеуі де – СДЮСШОР №8), Тоқжан Бекпенбет, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет  (барлығы – «Оқжетпес»), Екатерина Красюкова, Зулейра Әбішева, Александра Бурова, Екатерина Бабшук, Мария Демидова (барлығы – «БИІК-Қазығұрт»);

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де – «Оқжетпес), Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы – «БИІК-Қазығұрт»);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Лейла Садықова («Оқжетпес»).

Жаттықтырушылар штабы: Иван Азовский – бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкердің көмекшісі, Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Евгения Ларина – массажист, Данияр Әнес – менеджер.

Хабар 24 телеарнасы