429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуат Хамитов жекпе-жек өткізу үшін Мәскеуге барды

  • 136
  • UPD: 10:00, 23.09.2020
Қуат Хамитов жекпе-жек өткізу үшін Мәскеуге барды Instagram

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов (18-7-1) келесі жекпе-жегі өтетін Мәскеу қаласына барды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хамитов 25 қыркүйекте Fight Nights Global 98 турниріне қатысады. Қазақстандық спортшының бұл жолғы қарсыласы - ресейлік Олег Косинов (7-5).

Бұған дейін Хамитов октагонға 2019 жылдың 25 сәуірінде Мәскеуде өткен Fight Nights Global 93 турнирінде шыққан. Ол кезде Қуат әзербайжандық Нариман Аббасовтан (24-3) төрешілер шешімімен жеңілді.

Хабар 24 телеарнасы