432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Александр Бублик Гамбургте өтіп жатқан турнирде топ жарды

  • 167
  • UPD: 12:49, 23.09.2020
Александр Бублик Гамбургте өтіп жатқан турнирде топ жарды фото: sports.kz

Алғашқы айналымында қазақстандық спортшы әлемнің 44-ракеткасы, испан ұлтының өкілі Альберт Рамосты жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бублик бүгінгі таңда жаһанның үздік теннисшілері тізімінде 56-орында тұр. Бәсеке ә дегеннен қызу басталды. 2 сағатқа жалғасқан ырғас біздің спортшының пайдасына шешілді. Есеп: 2:0. Ал бүгін ширек финалда Бублик әлемнің 21-ракеткасы канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасады.

Баскетбол: «Астана» ВТБ лигасының жаңа маусымында бақ сынайды

Бүгін «Астана» баскетбол командасы ВТБ лигасының жаңа маусымында бақ сынайды. Елордалық спортшылар ЦСКА-мен кездеседі. Еске сала кетейік, өткен маусымда лига пандемияға байланысты көшбасшысыз қалған еді. Ол кезде ЦСКА турнир кестесінде 2-орынға тұрақтаса, «Астана» 9-орыннан көрінді.

Елена Рыбакина Страсбург турнирінің ширек финалына шықты

Екінші айналымда  Қазақстанның бірінші ракеткасы франциялық Ализе Корнемен ойын өткізді. 1 сағат 49 минутқа созылған матчта біздің спортшы намысты қолдан бермеуге тырысты. Қарсыласынан басым түсуді көздеген Рыбакинның талпынысы тек кетпеді. Енді ертең Рыбакина қытайлық Чжан Шуаймен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Футбол: Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіліс тапты

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Шымкентте Австрия аяқдопшыларынан ойсырай ұтылды. Қарсыластар 2022 жылғы Европа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында доп тепті. Австрия футболшылары ойын басталғаннан шабуылға көшіп, алаң иелерінің абдыратып тастады. Біздің қақпаға қатарынан 5 гол соғып, матч жеңіпазы атанды.

Айта кетейік, құраманың бас бапкерлігіне енді келген Иван Азовский үшін бұл алғашқы бәсеке.

 

 

Хабар 24 телеарнасы