427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА үздік бапкер атағына үміткерлер тізімін жариялады

  • 91
  • UPD: 17:26, 23.09.2020
УЕФА үздік бапкер атағына үміткерлер тізімін жариялады uefa.com

Еуропа футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА) ресми сайтында маусымның үздік бапкері атағына үміткерлердің есімдерін жариялады.

Бұл сыйлыққа Ханс-Дитер Флик («Бавария»), Юрген Клопп («Ливерпуль») және Юлиан Нагельсман («РБ Лейпциг) таласады. Үшеуі де германиялық мамандар.

Мюнхеннің «Бавариясы» Фликтің жетекшілігімен ел чемпионы атанып қана қоймай, Германия кубогын иеленді және Чемпиондар лигасында топ жарды.  

Клопп баптайтын «Ливерпуль» 30 жылдан бері алғаш рет Англияда үздік атанып отыр. Ал Нагельсман «Лейпцигтің» тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетуіне септігін тигізді.

Бұл үштіктен бөлек ТОП-10-ның қатарында мына бапкерлер бар:

4.Томас Тухель («Пари Сен-Жермен») - 76 ұпай
5.Джан-Пьеро Гасперини («Аталанта») - 68 ұпай
6. Юлен Лопетеги («Севилья») - 57 ұпай
7. Руди Гарсия («Лион») - 32 ұпай
8. Зинедин Зидан («Реал») - 25 ұпай
9. Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити») - 11 ұпай
10. Антонио Конте («Интернационале») - 9 ұпай.

Хабар 24 телеарнасы