432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс Арена» мұз айдыны карантинге жабылды

  • 127
«Барыс Арена» мұз айдыны карантинге жабылды ASTANA EVENTS

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдыны коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады vesti.kz. 

«Барыс» 17 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей лигасында алдағы бірнеше ойынның кейінге шегерілгенін хабарлады. Оған себеп команда ойыншыларынан коронавирустың анықталуы болды. ҚХЛ ақпараты бойынша, командада 12 адам вирус жұқтырып алған.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, «Барыс Арена» алдағы сенбі, яғни 26 қыркүйекке дейін жабылған. Мұз айдынында барлық жаттығулар тоқтатылған. Клубтың қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бірақ ол қазір қашықтықтан жұмыс істеуде. 

Нұр-Сұлтан қаласында «Барыс» алдағы ойынын 4 қазан күні өткізуі керек еді. Бірақ бұл ойын кейінге шегерілді. Елорда клубының ойындары қашан өтетінін мына сілтеме арқылы біле аласыз.

Хабар 24 телеарнасы