428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Луис Суарестің «Атлетикоға» ауысатыны ресми расталды

  • 90
  • UPD: 11:08, 24.09.2020
Луис Суарестің «Атлетикоға» ауысатыны ресми расталды UA-Football

Каталонияның «Барселона» клубы Луис Суарестің «Атлетико» сапына ауысатынын ресми растады.  

Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды. Онда екі клубтың уругвайлық шабуылшынының трансфері туралы келісімге келгені туралы жазылған. Жергілікті басылымдар «Атлетико» Суаресті тегін алғанын мәлімдеуде. Дегенмен каталониялықтар шабуылшы үшін 2-3 млн еуро алудан дәмелі, деп жазады championat.com.

«Луис Суарес, алты жыл үшін рақмет!» – деп жазылған «Барселонаның» Twitter-дегі парақшасында.

Суарес «Барселонаға» Англияның «Ливерпуль» командасынан 2014 жылы ауысқан.

Өткен маусымда 33 жастағы форвард клубтық деңгейдегі турнирлерде 36 матч өткізіп, 21 рет мергендік танытса, тағы 10 нәтижелі пас берген.

Ал 2007 жылдан бері ол Уругвай құрамасында өнер көрсетіп келеді. Негізі Луистің каталон клубымен келісімшарты 2021 жылға дейін жасалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы