428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ролан Гаррос»: Дмитрий Попко екінші мәрте жеңіске жетті

  • 118
«Ролан Гаррос»: Дмитрий Попко екінші мәрте жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко «Ролан Гаррос» ашық біріншілігінде екінші мәрте жеңіске жетті.

Ол екі сетте Германия спортшысы Оскар Оттеден 7:5 және 7:6 есебімен басым түсті. Дмитрийдің келесі қарсыласы – эквадорлық Эми-лио Гомес. Айта кетейік, дүйсенбіде басталған теннистен Франция чемпионаты қазанның 11-не дейін жалғасады.

А.Бублик ширек финалға шықты

Александр Бублик Гамбургте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты. Екінші айналымда ол әлемнің 21-ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Екі сетте есеп 6:4 және 6:2. Канадалықтың рейтингте көрсеткіші жоғары болғанына қарамастан Бублик әдіс-айласын асыра білді. Енді біздің теннисші Чили спортшысы Кристиан Гаринмен ойын өткізеді.

Баскетбол: ЦСКА басым түсті

«Астана» командасы үшін ВТБ лигасының жаңа маусымы сәтсіз басталды.

Елордалық команда Мәскеулік ЦСКА-дан ойсырай ұтылды. Есеп: 60:93.

Біздің спортшылар тек 3-кезеңде ес жинады. Бірақ бәрі кеш. Матч барысында қазақстандық команда сапындағы Майкл Томпсонның ойын өрнегін ерекше атап өтуге болады. «Астаналықтардың» енді Қазанның Уникс командасымен шеберлік байқасады.

Еділ Қожамбердиев жеңіске жетті

Еділ Қожамбердиев WBC Asia және WBA Asia тұжырымдары бойынша чемпион атанды. Қазақ боксшысы ала шапанды ағайынның абыройын қорғаған Мухитдин Раджабовпен жекпе-жек өткізді. 10 раундқа жоспарланған кездесуде Қожамбердиев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бастапқыда өзбек спортшысы ширақ қимылдап, көп соққы жұмсады. Қожамбердиев тек төртінші раундта басымдық танытып, шабуылды үдетті.

Хабар 24 телеарнасы