432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спортшыға жарақаттан немесе дағдарыстан кейін қалай көмек көрсеткен жөн – маман пікірі

  • 157
Спортшыға жарақаттан немесе дағдарыстан кейін қалай көмек көрсеткен жөн – маман пікірі ҚР ҰОК

Үлкен спорт жеңіс пен жеңілістен тұрады.  Бірде биікке жеткен атлет енді бірде жүлде ауылынан мүлде алыс қалуы мүмкін. Осындай қиын сәтте спортшылардың басым көпшілігі шыдас бермей, сынып кетіп жатады.

Сәтсіздіктер мен жарақат салдарынан барлығын жарты жолдан тастап, мансабын тым ерте аяқтайтындар тағы да көп. Спортшы дағдарыстан қалай құтылады? Бітпейтін жеңілістер мен жарақаттардан кейін қалай бой түзеуге болады? Бұл сұрақтарға ҚР ҰОК сайтында психолог Нигара Абдувахабова жауап берді. 

Маған спортшылар мен бапкерлер осы сұрақты жиі қояды. Мұндай дағдарыс кімдерде болады?  Көп жағдайда өз тәжірибесінде сәтсіздікке ұшыраған және сол қиындықтан шығу жолын таппаған немесе өз айналасындағы адамдардың басынан түрлі жағдайларды көрген жандар депрессияға тап болады. Мәселен, спортшы жарысқа үздіксіз дайындалып, өзі мақсат еткен нәтижеге қол жеткізе алмады. Жарыстан ұтылып, ұнжырғасы түсіп қайтты. Бұл өзі күтпеген көрсеткіш еді.

Осыдан соң оған қайтадан күш-жігерін жинау қиынға соғады. Әр адам өзі үшін дәл қазіргі сәтте не маңызды екенін түсіне білу қажет. Егер бұған дұрыс жауап таба алмаса, біздің ойымызға, эмоционалды көңіл-күйіміз бен іс-әрекетімізге ішкі қобалжу әсер ете бастайды.  Ірі жарыстарда қатарынан жеңіліс табу, жақындарыңнан қаралы хабар алу, айналаңдағы адамдардың ауыр дертке ұшырағанын есту, өзге елге немесе қалаға көшу, басқа командаға ауысу және тағы да басқа оқиғаларды спортшылар ауыр қабылдайды.

Әрбір жарақат, мейлі ол физикалық немесе психоэмоционалдық болсын, біраз жылдан соң қайта шығады. Егер жарақат алған соң оны соңына дейін емдемесең бұл алдағы уақытта да қайталанып тұрады. Физикалық тұрғыдан да, психоэмоционалдық тұрғыдан да осылай болатыны анық.  Психологияда мұны жарақаттан кейінгі синдром деп атайды. 

Ендеше осы синдром белгілеріне тоқталайық.   

Жарақаттан кейінгі синдром немесе жарақаттан кейінгі күйзеліс – бұл адам психикасындағы симптомдардың кешенді түрде бұзылуы. Бұл жарақаттың бірнеше рет қайталауынан туындайтын синдром. Физикалық және психоэмоционалдық тұрғыда күш көрсету, үнемі қайталанатын жүйке жүйесіндегі ауыртпалықтар, қорқыныш пен кемсіту, табиғат апаттары мен саяси режимдер мұндай синдромдардың бой көтеруіне әкеледі. 

Мәселен, коронавирус індеті  мен осыған байланысты енгізілген карантин шаралары жер шарындағы көптеген тұрғындарға ауыр соққы болды. Тіпті, індеттен кейінгі күйзелістен әлі шыға алмай жүргендер бар. 

Бұл синдромға ұшырағандар шамадан тыс қауіптеніп, миға жарақат салатын түрлі оқиғаларды қайта еске ала бастайды. Бұл паникалық шабуылға әкелуі мүмкін. Бір қызығы, жарақаттан кейінгі синдром адам өміріндегі қиын кезеңдерден соң бірден күш ала бастайды. 

Мұны емдеудің және осы кезеңде спортшыға көмек көрсетудің ең дұрыс жолы – психологпен жұмыс істеу. Дәстүрлі және дәстүрлі емес медицинадағы мамандардан психотерапия алу жарақаттан, күйзелістен шығудың ең тиімді әдісі. Мұндай қиын сәтте спортшылар мен бапкерлерге көмек қолын созуға реабитолог дәрігерлер, ортопедтор, травматологтар, кинезологтар, мануалшылар, диетологтар, массажшылар, ине терапиясымен жұмыс істейтіндер, йога инструкторлары мен көптеген мамандар мүдделі. 

Спортшыға психотерапиялық көмек көрсету қашанда өз нәтижесін береді. Өйткені, психотерапевтер спортшының жарақаттан кейінгі жан жарасын жақсы түсіне алады. Бұл кезеңде олар спортшылардың ата-анасы секілді рөл атқарады десем, артық емес. Емнің бастапқы кезеңінде спортшылар өз сезімін бақылауға алып, мейілінше еркіндікке салынып, түрлі дем алу жаттығуларымен, медитациялық тәжірибелермен айналысуы керек. Сондай-ақ, ем кезінде жарақаттан кейінгі синдромды емдеуге міндетті түрде уақыт бөлінеді. 

Әрине, спортшының басындағы қиын жағдай кезінде ең алдымен оның ата-анасы мен жақындары, достары мен әріптестері, сүйікті адамдары көмекке келеді. Олардың сенімі мен махаббаты спортшыларды одан әрі алға жетелейтіні сөзсіз. Бұл кризистен шығудың негізгі базалық әдісі саналады». 

Мен осындай қиындыққа ұшыраған барлық спортшыларды бұл оқиғаға бей-жай қарамауға, дер кезінде маман көмегіне жүгінуге шақырамын. Дағдарыстан шығатын жол міндетті түрде табылады. Соны ұмытпау қажет...

Хабар 24 телеарнасы