432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жан Кособуцкийдің кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

  • 178
  • UPD: 14:55, 24.09.2020
Жан Кособуцкийдің кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) титулды жекпе-жекте америкалық Джеймс МакКензи Моррисонмен (17-0-2, 15 КО) жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz.

31 жастағы боксшы IBO Inter-Continental белбеуін бірінші рет қорғағалы отыр. 

Он раундты кездесу 17 қазанда Дюссельдорфта өтеді. Бұл айқаста сарапқа салынатын екінші белбеу – IBF титулының еуропалық нұсқасы. 30 жастағы америкалық боксшы титул үшін алғаш рет жұдырықтасады. 

Моррисон барлық жекпе-жегін АҚШ-та өткізіп, ешқайсында жеңілмеген (екі рет тең түсті). Кособуцкий болса, Германия жерінде бұрын да жұдырықтасып, чемпиондық белбеуін нокаутпен жеңіп алған. 

Хабар 24 телеарнасы