427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елена Рыбакина Старсбургтегі WTA турнирінің жартылай финалына шықты

  • 127
  • UPD: 17:57, 24.09.2020
Елена Рыбакина Старсбургтегі WTA турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Старсбургтегі WTA турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ширек финалда ол қытайлық Чжан Шуайға қарсы ойнады. Екеуара кездесу 59 минутқа созылып, 6:3, 6:2 есебімен Рыбакинаның еншісіне шешілді. 

Елена Рыбакина жартылай финалда жапониялық Нао Хибиномен кездеседі. Финалдық бәсекеге жолдама үшін талас 25 қыркүйек күні өтеді.

Хабар 24 телеарнасы