427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бавария» UEFA суперкубогін жеңіп алды

  • 164
  • UPD: 12:16, 25.09.2020
«Бавария» UEFA суперкубогін жеңіп алды

«Бавария» екінші рет УЕФА суперкубогінің иегері атанды. Мюнхен командасы Будапештте Испанияның «Севильясынан» қосымша уақытта басым түсті. Есеп  2:1. Алдымен Андалусия аяқдопшылары есеп ашты. Аргентина футболшысы Лукас Окампос пенальтиді дәл тепті. Ал 34-минутта Леон Горецка таразы басын теңестірді. Екі тайм бірін бірі ала алмаған қарсыластар овертаймда күш сынасты. Хавьер Мартинес мергендігі «Баварияға» кубок ұстатты.

 «Бавария» мен «Севилья» матчында УЕФА рұқсатымен 20 мың көрермен жиналды. Яғни стадионның 30% жанкүйер игілігіне берілген. Суперкубок пандемия басталғалы ең көп көрермен келген матч ретінде де танылды.

Суперкубок 1972 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. «Бавария» 2013, «Севилья» 2006 жылы бір-бір реттен аталған кубок иегері атанған болатын. Әзірге оны иелену жөнінен Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командалары көш бастап тұр. Олардың еншісінде бес-бестен кубок бар.

Хабар 24 телеарнасы