Біріккен күрес әлемі (UWW) 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жаңартты.
Жаңа күнтізбеге сәйкес, келесі жылғы Азия біріншілігі Алматыда ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
Ересектер арасындағы Азия чемпионаты 16-21 ақпан аралығында Алматыда өтеді.
Еуропа чемпионатын – Катовица, Африка біріншілігін – Марракеш, Панамерика чемпионатын – Рио-де-Жанейро, Океания біріншілігін Паго-Паго қалалары қабылдайды.
Ал Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдың Сиань қаласында 26-28 наурыз күндері ұйымдастырылады.