428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ливерпуль» мен «МанСити» Ағылшын лигасы кубогінің кезеңіне өтті

  • 99
  • UPD: 13:36, 25.09.2020
«Ливерпуль» мен «МанСити» Ағылшын лигасы кубогінің кезеңіне өтті

«Ливерпуль» «Линкольн ситиді» 7:2 ұтып, ағылшын лигасы кубогінің келесі кезеңіне жолдама алды.  Мерсисайдтың команда бұл жолы 7 гол соқты. Такуми Минамино мен Кёртис Джонс екі реттен көзге түсті. Шердан Шакири, Марко Груич және Дивок Оригилер де өз шеберліктерін паш етті. Юргена Клоппа шәкірттеріннің ендігі қарсыласы  Лондонның «Арсеналы».

«Манчестер сити» де жарысты жалғастырады, олар «Борнмутпен» жасыл алаңға шығып, 2:1 есебімен басым түсті. Есепті Лиам Дилап ашты. Бірақ араға төрт минут салып, Сэм Сарридж таразы басын теңестірді. 

Дегенмен, Филип Фоден 75-минутта мергендік танытып, өз командасын келесі айналымға алып шықты. Хосеп Гвардиола шәкірттері енді «Бёрнлимен» ойнайды. «Мансити» былтыр Ағылшын лигасының кубогін ұтып алған еді.

Хабар 24 телеарнасы