428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыстың» тағы сегіз ойыншысы коронавирус жұқтырды

  • 238
  • UPD: 16:22, 25.09.2020
«Барыстың» тағы сегіз ойыншысы коронавирус жұқтырды Prosports.kz

«Барыстың» тағы сегіз ойыншысынан коронавирус анықталды.

Бұл туралы брифинг барысында ҚР ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.

17 қыркүйек күні елорда клубының 40 адамы тексеруден өткен. Солардың 11-і вирус жұқтырғаны анықталды

«Жұқтырғандарға сол күні-ақ Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы тапсырылып, қалған 29 адам бақылауға алынды. Олардың барлығына аренаға баруға тыйым салынды. Стадион аумағында дезинфекция жасалып, қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 22 қыркүйекте қайта жасалған тест нәтижесінде команданың тағы сегіз мүшесі вирус жұқтырғаны расталды. Олардың ешқайсысында коронавирус симптомдары жоқ. Дегенмен бәрі бақылауда, – деді Қожахметов.

Осыған байланысты «Барыс Арена» карантинге жабылғанын хабарлағанбыз.

Ал клубтың қалған ойындары қашан өтетінін мына сілтеме арқылы біле аласыз.

Хабар 24 телеарнасы