428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуат Хамитов Мәскеуде өткен турнирде қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді

  • 170
  • UPD: 13:10, 26.09.2020
Қуат Хамитов Мәскеуде өткен турнирде қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді фото: inform.kz

Бұл отандасымыздың соңғы төрт жылдағы бірінші жеңісі.

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Мәскеу қаласында өткен Fight Nights Global 98 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы Ахмад-Хан Боков болды. Кездесу 74 келіде өтті. Себебі, Хамитов салмақ жасай алмай, айқасты минус бір ұпаймен бастады. Дегенмен де, отандасымыз кездесудің бірінші раундында-ақ қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Негізі әу баста Хамитовтың қарсыласы басқа бір ресейлік спортшы Олег Косинов болуы керек еді. Бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда оның қарсыласы ауысып кетті.

Бұл 32 жастағы Хамитов үшін 2019 жылдың сәуірінен кейінгі бірінші кездесуі болды. Ол кезде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімі бойынша әзербайжандық Нариман Аббасовтан жеңіліп қалды.

Жалпы отандасымыз 2016 жылдан бері жеңіске жете алмай келген. Кеше ол бұл серияны бұзды. Енді Хамитовтың еншісінде 19 жеңіс және 7 жеңіліс бар.

26 жастағы Боков болса карьерасында бесінші рет жеңілді. Ол бес мәрте жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы