428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәнерлеп сырғанау. Лас-Вегастағы Гран-при кезеңі көрерменсіз өтеді

  • 150
  • UPD: 16:43, 26.09.2020
Мәнерлеп сырғанау. Лас-Вегастағы Гран-при кезеңі көрерменсіз өтеді

Мәнерлеп сырғанаудан Лас-Вегастағы (АҚШ) Гран-при кезеңі коронавирусқа байланысты көрерменсіз өтеді.

Бұл туралы АҚШ мәнерлеп сырғанау федерациясының сайтында жазылған. Турнир 23-25 қазан аралығында өтеді.

Айта кетелік, Халықаралық конькимен жүгіру одағы тамыз айында Гран-при турниріне шектеу енгізді. Жарысқа үш санаттағы спортшылар қатысады. Бұл Гран-при кезеңін қабылдайтын мемлекет спортшылары, сол елде жаттығатын атлеттер және індет кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы қатысатын өзге ел спортшылары.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы