430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

  • 131
  • UPD: 23:47, 27.09.2020
Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды фото: Olympic.kz

Қазақстандық Тимофей Скатов Испаниядағы Мелилье ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosport.kz.

Дүниежүзілік рейтингте 472-орында тұрған 19 жастағы қазақстандық теннисші аталмыш доданың екінші ракеткасы болып тіркеліп, барлығы бес кездесу өткізді.

Соның ішінде Т.Скатов жартылай финалда Нидерланд өкілі Макс Хаукесті 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Финалда рейтингте 724-сатыдағы даниялық Хольгер Рунемен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда даниялық спортшы басым түсті – 6:3.

Екінші сетте Т.Скатов қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 2:1. Тағы бір брейк – 4:1. Т.Скатов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 22 минутқа созылды.

Хабар 24 телеарнасы