429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі халықтың басым бөлігі велосипедпен жүретін болған

  • 112
  • UPD: 09:36, 28.09.2020
Париждегі халықтың басым бөлігі велосипедпен жүретін болған

Коронавирус індетіне байланысты Париж тұрғындарының көбі велосипедпен жүретін болған. Адамға лық толы метро мен автобустарда ауруды жұқтыру қаупі жоғары.

Сондықтан  көліктің осы түрімен жұмысқа қатынау өте ыңғайлы. Дегенмен, көшеде велосипедтердің күрт көбеюі қолайсыздық тудыруда. Енді олар жаяу жүргіншілермен жол бөлісе алмай жүр. Көше қиылыстарында жиі соқтығысатын болды. Жаяу жүретін адамдар да веложолақтарға шығып кетеді. Қала әкімшілігі көшеде тәртіпті бақылайтын арнайы қызмет құрды. Егер велосипедке мінген адам жол ережесін бұзса, 135 еуроға дейін айыппұл төлейді. 

Дэвид Беллиард, Париж мэрінің орынбасары:

- Басымдық халықтың осал топтарына берілуі тиіс. Сол себептен жаяу жүргіншілерді қорғауымыз керек. Бүгінде автокөліктер қоғамдық орындардың жартысын алып отыр. Иелеріне өз көліктерін жер астындағы арнайы тұрақтарға қоюды ұсынамын. Осылай көшелерде орын көбейіп, жаяу жүргіншілер мен велосипед мінгендер соқтығыспайды.

Хабар 24 телеарнасы