428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«МанСити» командасы «Лестер» футболшыларынан жеңіліп қалды

  • 102
  • UPD: 11:04, 28.09.2020
«МанСити» командасы «Лестер» футболшыларынан жеңіліп қалды

«Манчестер Сити» АПЛ-дің 3-турында «Лестер» командасынан жеңіліп қалды. Есеп: 2:5. Алаң иелері ойынның 4-минутында есеп ашты. Ойында алжирлік жартылай қорғаушы Рияд Марез ерекше көзге түсті. Джейм Вардидің 11 метрден қақпаға кіргізген добы таразы басын теңестірді. Кейінірек ағылшын шабуылшысы хет-трик жасады. Жартылай қорғаушы Джеймс Маддисон «Лестерді» оқ бойы озық шығарды. Нидерландық қорғаушы Натан Аке аралықты қысқартуға тырысса да, матчтың соңында «Лестердің» бельгиялық жартылай қорғаушысы пенальтиден гол соқты. Осылайша Англия чемпионатының турнир кестесінде 9 ұпаймен «түлкілер» алға шықты, Хосеп Гвардиоланың шәкірттері 3 ұпаймен 13-орынға тұрақтады.

Қазан қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз Бобыржан Момынов жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта өнер көрсеткен ол ресейлік Вагинак Тамразянмен жұдырықтасты.

IBF Inter-Continental белбеуі үшін өткен жекпе-жек 10 раундқа жалғасты. Момынов үшін бұл кәсіпқой рингтегі 12-жеңіс.

Өкінішіке орай, шаршы алаңға шыққан өзге екі боксшымыздың жолы болмады. Алдымен Дастан Сәдуұлы ресейлік Вилдан Минасовқа есе жіберді. Мұнан кейін Арман Рысбек беларусьтік Михаил Долголевтен жеңілді.

Хабар 24 телеарнасы