432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ділдәбеков – Рубалкаба: тарихта қалған жекпе-жек (Мұрағат, 2000 ж.)

  • 1366
  • UPD: 17:48, 29.09.2020

Қазақстандық боксшы Мұхтархан Ділдәбековтің Сидней олимпиадасының ширек финалында Алексис Рубалкабаны жеңгеніне де 20 жыл өтті.

Көпшілік күткен алыптар айқасы еді. Бүгінде аңызға бергісіз жекпе-жекке айналды. Себебі кубалықтардың қазақтың жуан жұдырығынан беті қайтқан кез бұл. Осынау айтулы оқиғаны боксшы Ділдәбеков бүгінде қалай еске алады. Белгілі журналист Есей Жеңісұлымен әңгіме барысында Олимпиаданың күміс жүлдегері біраз қызықтың басын ашыпты.

Тіпті сол кездегі басшылықтың өзі Мұхтарханның Рубалкабамен жолы түйіскенін қаламаған екен. Қалай дегенмен кубалық – Сиднейге басты фаворит болып келген боксшы. Ділдәбековті сұлатып сала ма деп қорықса керек. Мұны боксшымызға жеке бапкері Нұрғали Сафиуллин жеткізіпті.

«Міне, осы кезде мен қатты ашуландым. Ондай кезде сөз де, іс те қазақы намыспен кетеді ғой. «Аға, Құдай берген жанды Құдай алады. Олимпиадаға келіп тұрып, Рубалкабадан қорқып қашуым керек пе?» деп табандап отырып алдым. Оңтүстік Қазақстан облыстық бокс мектебінің директоры, облыстық спорт басқармасының басшысы, тағы бірнеше адам бар, үстімізге кіріп келді. Бұрынғыдай емес, бәрінің көзқарасы өзгеріп қалыпты. Бәрі менің құлап қалатыныма сенімді сияқты. Жекпе-жекке бір күн қалғанда, ел спортының басшылары маған ашықтан-ашық тыйым салды. «Болды, шаршы алаңға шығам деп дәмеленбей-ақ қойсын. Ұмытсын!» депті. Одан сайын ашуым қозды. «Ел алдында өлсем өліп кетейін! Мені ешкім тоқтата алмайды» деп қасарыстым», – дейді М.Ділдәбеков.

Мұхтархан дегеніне жетті де. Оның мықтылығын Эвандер Холифилд те мойындаған. «Кәсіпқойға ауыс, қарсыласым боласың» дегені мойындағаны емес пе.

«Менмін» деген Холифилдті тамсандырған бұл жекпе-жек қалай өтіп еді? 

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Хабар 24 телеарнасы