432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду топ-5 лигада 450 гол соққан алғашқы футболшы атанды

  • 145
  • UPD: 12:43, 28.09.2020
Роналду топ-5 лигада 450 гол соққан алғашқы футболшы атанды eurosport.ru

Кеше А сериясының 2-турында «Ювентус» пен «Рома» 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рим клубы пенальтиден матч есебін ашты, Джордан Верету дәл соққы жасады. Бірінші таймның соңында Криштиану Роналду да пенальти орындап, есепті теңестірген. Көп ұзамай Верету дубль жасады. Ал екінші таймда Роналду тағы да есепті теңестірді.

Айта кетейік, осы дубльдің арқасында португалиялық футболшы Еуропаның топ-5 лигасында 450-голын соқты. Ол мұндай нәтижеге жеткен алғашқы футболшы атанды.

Роналду 311 голын мадридтік «Реалда», 84-ін «Манчестер Юнайтедте» және 55-ін «Ювентус» сапында соққан.

Хабар 24 телеарнасы