428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ролан Гаррос»: М.Кукушкин екінші айналымға өтті

  • 103
  • UPD: 11:28, 29.09.2020
«Ролан Гаррос»: М.Кукушкин екінші айналымға өтті

Ағылшын премьер-лигасында коронавирус жұқтырудың 9 дерегі тіркелді.

Соңғы тестілеудің нәтижесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Жалпы, коронавирустық инфекцияның бар-жоғын анықтайтын тестіден бір жарым мың спортшы өткен. Енді дерті расталғандар 10 күндік карантинге жатқызылады.

 

«РОЛАН ГАРРОС»: М.КУКУШКИН ЕКІНШІ АЙНАЛЫМҒА ӨТТІ

«Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымына тағы бір қазақстандық теннисші шықты. Михаил Кукушкин әлемнің 15-ракеткасы Фабио Фоньиниді шаң қаптырды. Төрт сеттің үшеуінде біздің спортшының ұпайы жоғары болды. Матч 1 сағатқа жалғасты. Енді Кукушкин испаниялық Педро Мартинеспен кездесіп, үшінші айналымның жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, бүгін Кукушкин мен Бублик жұптық кезеңде неміс командасы Кравиц-Миске қарсы ойнайды.

«ЛИВЕРПУЛЬ» – «АРСЕНАЛ»: 3:1

Ағылшын премьер-лигасының 3-ші турында өткен «Ливерпуль» «Арсенал» матчы ливерпульдықтардың пайдасына шешілді. Есеп – 3:1. Осылайша мерсисайдтықтар турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ойынды алғаш болып қонақтар ашты. Ал 25-минутта форвард Александр Лязаккет көзге түсті. Артынша сенегалдық жартылай қорғаушы Садио Мане таразы басын теңестірді. Шотландиялық қорғаушы Эндрю Робертсон «Ливерпульді» тағы да алға шығарды. Ал португалиялық Диогу Жота командаластарын жеңіске бір табан жақындатты. Юрген Клопп шәкірттері 9 ұпай жинады. Олар әзірге АПЛ көшбасшысы «Лестер Ситиден» артта келеді. «Арсенал» 6 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

Хабар 24 телеарнасы