432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ролан Гаррос»: қазақстандық теннисшілер жұптық кезеңде жеңілді

  • 119
«Ролан Гаррос»: қазақстандық теннисшілер жұптық кезеңде жеңілді Казинформ

«Астана Про Тим» «Джиро д'Италия» көпкүндігіне баратын құрамды таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Веложарыс 3 қазанда басталады. Қазақстандық команданың капитаны – Якоб Фульсанг. Бұған дейін айтулы додаға Мигель Анхель Лопес те қатысатыны айтылды.

«РОЛАН ГАРРОС»: Е.РЫБАКИНА СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» ашық біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Қазақстанның бірінші ракеткасы румыниялық Сорана Кырстядан басым түсті. Бір сағаттан аса уақытқа жалғасқан матчта есеп 6:0 және 6:3 боп түйінделді. Елена енді Франция теннисшісі Фиона Ферромен кездесіп, үшінші айналымның жолдамасын сарапқа салады.

«РОЛАН ГАРРОС»: З.ДИЯС ЖАРЫСТАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ

Ал Зарина Дияс Францияда өтіп жатқан дәл осы жарыстың жекелей сынында екінші айналымға өте алмады. Ол турнирде әлемнің 30-ракеткасы тунистік Унс Джабирмен кездескен болатын. Қазақстандық теннисші бірінші сетте жақсы ойын өрнегін көрсеткенімен, қалғанында қарсыласы басым түсті.

Айта кетейік, Дияс турнирде жұптық сынға қатысады. Бүгін Австрия спортшысы Арина Родионовамен бірге Дабровски мен Остаенкоға қарсы ойнайды. 

«РОЛАН ГАРРОС»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІЛЕР ЖҰПТЫҚ КЕЗЕҢДЕ ЖЕҢІЛДІ

Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Франция ашық біріншілігінің жұптық сынында бірінші айналымнан аса алмады. Қазақстандық теннисшілер германиялық Кевин Кравиц пен Андреас Миске есе жіберді. Бір сағат тоғыз минутқа созылған кездесу 2:6, 3:6 есебімен аяқталды.

Еске салайық, қос спортшы жекелей сында өнер көрсетуін жалғастырады. Бүгін үшінші айналымға өту үшін Бублик италиялық Лоренцо Сонегомен кездессе, Кукушкин испан ұлтының өкілі Педро Мартинеспен шеберлік байқасады.

«ТОТТЕНХЭМ» АНГЛИЯ ЛИГАСЫ КУБОГЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

«Тоттенхэм» Англия лигасы кубогының ширек финалына шықты. Төртінші айналымда команда «Челсимен» кездесті. Ойынның негізгі бөлігінде қарсыластар айласын асыра алмай әуреленді. Кейін 19-минутта неміс шабуылшысы Тимо Вернер көзге түсті. Матчтың соңына таман алаң иелері есепті теңестірді. Гол авторы – жартылай қорғаушы Эрик Ламела. Дегенмен көшбасшы тек пенальтиде анықталды.

Айта кетейік, матчтың келесі кезеңі желтоқсанда өтеді. Жозе Моуриньо шәкірттері енді кімге қарсы ойын өткізетіні жеребе кезінде белгілі болады.

Айта кетейік, «Тоттенхэм» – Ағылшын лигасы кубогының төрт дүркін жеңімпазы.

Хабар 24 телеарнасы