430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Тен атындағы шәкіртақыға құжат қабылдау басталды

  • 136
  • UPD: 15:11, 30.09.2020
Денис Тен атындағы шәкіртақыға құжат қабылдау басталды

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Тенің атындағы шәкіртақыға құжаттар қабылдануда, деп хабарлады Olympic.kz.

Байқау талаптары Қазақстан – Британ техникалық университетінің ресми сайтына жарияланды.

Жобаның мақсаты – оқу үлгерімі жоғары, спорт пен мәдениет саласының дамыуына септігін тигізіп, жастар арасында патриотизмді насихаттап, зор үлес қосып жүрген дарынды студентерді қолдау.

Байқау шарты бойынша Денис Тен атындағы шәкіртақыны тағайындау үш кезең бойынша жүргізіледі:

1 кезең: өтініштерді қабылдау – 25 қыркүйек пен 15 қазан аралығы,

2 кезең: өтініштерді іріктеу – 23 қазанға дейін,

3 кезең: нәтижесін шығару – 26 қазан.

Шәкіртақыға ҚБТУ-да оқитын (бакалавр, магистратура), спортта жоғары нәтижеге қол жеткізген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. 

Хабар 24 телеарнасы