432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бавария» Суперкубок иегері атанды

  • 114
  • UPD: 09:27, 01.10.2020
«Бавария» Суперкубок иегері атанды

«Бавария» осымен 8-мәрте Германия суперкубогінің иегері атанды. Команда Бундеслиганың вице чемпионы «Боруссияны» 3:2 есебімен жеңді.

Бавариялықтар бастапқыда 2 голмен алға суырылып шыққанымен, дортмундықтар көп кешікпей жартылай қорғаушы Юлиан Брандта мен шабуылшы Эрлин Холландтың арқасында  таразы басын теңестірді. Дейтұрғанымен неміс қорғаушысы Йозуа Киммих қақпаға дәл тигізген добы командағы жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, «Бавария» командасының бас бапкері Ханс-Дитер Флик үшін бұл алғашқы айтулы жүлде.

Хабар 24 телеарнасы