427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңдегі Гран-при финалы уақтылы өтпейді

  • 132
  • UPD: 12:53, 01.10.2020
Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңдегі Гран-при финалы уақтылы өтпейді

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өтеді деп жоспарланған Гран-при кезеңінің финалы кейінге шегерілді, деп хабарлады Olympic.kz.

Бұл туралы ақпарат халықаралық конькишілер одағының ресми сайтында жариялады. Аталған турнир 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына бақылау жарысы болып саналатын. 

«ISU өкілдері жарысқа қатысушы бола алатын елдермен логистика мәселелерін талқылады және турнирді белгіленген күндері (ұлттық чемпионаттарға жақын) өткізу мүмкін емес деген қорытындыға келді. Өйткені спортшылар өз еліне оралғаннан кейін карантин аймағына орналастырылуы керек. Гран-при кезеңінің финалының енді қай уақытта өтетіні кейінірек ресми хабарланады», - делінген хабарламада. 

Хабар 24 телеарнасы