428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы IBF белбеуін АҚШ чемпионына қарсы қорғайды

  • 157
  • UPD: 16:03, 01.10.2020
Қазақстандық боксшы IBF белбеуін АҚШ чемпионына қарсы қорғайды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) ауыр салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуін америкалық Стив Вукошаға қарсы қорғайтын болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Он раундқа жоспарланып отырған бұл кездесу 17 қыркүйек күні Дюссельдорф қаласында өтеді. Кездесуде Кособцукий чемпиондық атағын бірінші рет қорғайды. Ал америкалық боксшы болса USA New England және WBC United States (USNBC) белбеулерін жеңген. 

Вукоша бұған дейінгі барлық кездесулерін АҚШ жерінде өткізген. Ол мансабын 2001-2002 жылдары бастаған, бірақ кейін ұзақ уақыт үзіліс алған. 2014-2015 жылдары қайта жаттығуға кірісіп, жекпе-жектерге тек 2019 жылдан бастап шыққан. Өткен жылдың тамыз айында ол соңғы кездесуін өткізіп, отандасы Джо Касуманоны (18-3, 16 КО) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. 

Ал 31 жастағы Кособуцкий соңғы кездесуін Агрон Смакичиге қарсы өткізіп, IBO белбеуін жеңіп алды. 2020 жылы отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. Алдағы кездесу IBF ұйымының Еуропа чемпионы деген атағы сарапқа салынады. 

 

Хабар 24 телеарнасы