429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ағылшындық «Тоттенхэм» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты

  • 169
  • UPD: 12:12, 02.10.2020
Ағылшындық «Тоттенхэм» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты фото: livesport.ru

Жозе Мауринью шәкірттері Израильдің «Маккабиімен» кездесіп, 7:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, «Маккаби» іріктеу кезеңдерінің бірінде Алматының «Қайратынан» басым түскен болатын.

«Астанадан» бақ тайған секілді. Еуропа турнирлерінің шекесін қыздырмаған команда енді ұлттық біріншілікте ала-құла ойнап жүр. Мысалы, екінші айналымның бірінші турында көз соңында қалып қойған Ақтаудың «Каспийінен» ұтылды. Алдымен есеп ашады. Бірінші таймның соңына таман ойын тізгінін қолға алған ел чемпиондары ұтымды шабуыл ұйымдастырды. Рунар Мар Сигурьонссон мергендік танытып, «Астана» алға шыққан еді. Үзілістен кейін «Каспий» мінез танытты. Алдымен Билал Себаихи таразы басын теңестірсе, 75 минутта Максим Марусич жеңіс голын соқты. Пол Эшуорт баптайтын команда тағы да ұпай жоғалтты.

***

«Қайрат» – «Шахтер»: 1:1

Алматының «Қайраты» да шаршаған секілді. Бірінші айналымның соңында Көкшетаудың «Оқжетпесімен» ұпай бөлісіп, өзін өкшелеген қарсыластарына үміт сыйлаған Алексей Шпилевский шәкірттері Қарағандының кеншілерін оңай ұтуы тиіс еді. Алайда, негізінен Ресей футболшыларына сенім артатын Константин Горовенко да осы ойынға жете мән берген секілді. Қарсыластар бірінші таймда бірін бірі ала алмады. Негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, барлық мәселені үзілістен кейін қарастыруға келісікен сыңай танытты. Екінші таймның 64 минутында Вагнер Лав есеп ашты. Алайда, он сегіз минуттан кейін Айдос Тәттібаев та тапқырлық танытып, әуелеген допты баспен қақпаға бұрды. Қортынды есеп: 1:1.

***

Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Чемпиондар лигасы топтық ойындарының жеребесі тартылды. «А» тобында Бавария мен Атлетико, Зальцбург пен Локомотив өнер көрсетеді. «Реал» мен Донецкінің «Шахтері», «Интер» мен «Менхенгалдбахтың» «Боруссиясы» ойнайды. «Порту», «Манчестер сити», «Олимпиакос», «Марсель төрттігі» «С» тобына түсті. «Ливерпуль», «Аякс», «Аталанта», «Мидтьюланн» «Д» тобының өкілдері. Ресей «Краснодарына» «Челси», «Севилья», «Ренн» қарсылас атанды. Зенит Дортмундтың «Боруссиясымен», Италияның Лациосымен және Бельгияның Брюггесімен күш сынасады. «Ювентус» пен «Барселона» бір топқа түсті. Олардың маңында Киевтің Динамосы мен Ференцварош бар. ПСЖ мен «Манчестер Юнайтед» арасында кездесу де тартысқа толы болуы тиіс. «Н» тобының тағы өкілі – «Лейпциг» пен «Ыстамбул ББ».

***

«Ролан Гаррос»: Ю.Путинцева жарысты аяқтады

Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» ашық біріншілігінен шығып қалды. Біздің теннисші жұптық кезеңде ресейлік Анна Калинскаямен бір топта өнер көрсетті. Өкінішке қарай, қарсыласы, француз Кристина Младенович және венгриялық Тима Бабошқа есе жіберді.

Айта кетейік, Францияның ашық чемпионаты 11 қазанға дейін жалғасады. Алдағы жарыстарға Қазақстан қатыспайды.

Хабар 24 телеарнасы