427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Куман командасымен бірге рекорд қайталады

  • 114
  • UPD: 16:32, 02.10.2020
Куман командасымен бірге рекорд қайталады

«Барселона» Примерада қатарынан екі матчты 7:0 есебімен («Вильярреал» мен «Сельтаны» жеңді) бастады, деп хабарлады Prosports.kz.

Осылайша, Рональд Куман Каталония клубының тарихында кем дегенде екі матчты 7:0 есебімен жеңген төртінші жаттықтырушы атанды.

Бұған дейін осындай жетістікке Херардо Мартино (2013), Карлес Решак (1991) және Терри Венейблстер (1984) жеткен.

Еске сала кетейік, Куман тамыз айында Кике Сетьенді алмастырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы