427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

  • 147
  • UPD: 18:50, 03.10.2020
Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогы кезеңінің финалына шықты фото: olympic.kz

Венгрияда спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінен іркілмей, жалпы саны алты финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Милад Карими төрт санат бойынша финалда өнер көрсетеді. Ол іріктеу кезеңінде еркін жаттығуда бірінші орын, қол тіреп секіруден екінші нәтиже, қоссырық үшінші орын, керме бойынша үшінші орыннан көрінді.

Ал Нариман Курбанов болса, гимнастикалық ат снарядында бірінші орыннан көрініп, ақтық финалға шықты. Сонымен қатар Ілияс Азизов еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде 5-орынға жайғасып, жүлде үшін сынға түсуге мүмкіндік алды.

Хабар 24 телеарнасы