427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық дзюдошылар оқу-жаттығу жиынын бастады

  • 138
  • UPD: 21:10, 03.10.2020
Елордалық дзюдошылар оқу-жаттығу жиынын бастады

Елордалық дзюдошылар ұзақ үзілістен кейін қайта бапқа келе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-жаттығу жиыны дәл қазір Алматы облысында өтіп жатыр. Онда жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы бірнеше апта бойы шеберлік шыңдайды. Әсіресе, тауға көтеріліп, таста жаттығуларын пысықтайды. Жекпе-жек элементтерін қайталайды. Балуандар жалпы физикалық дайындықты спорттық базада пысықтайды. Жаттығу жиыны 10 қазағанға дейін жалғасады. Ал, дзюдо бойынша алғашқы жарыс желтоқсанда өтеді деген жоспар бар.

Тілек Тоқтасынұлы, ҚР спорт шебері:

- Елімізде аяқ асты болған төтенше жағдайға байланысты біраз уақыт карантинде болдық. Жаттығуды сағындық. Қазір басшылық жаттығуға барлық жағдайды жасады. Алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз.

Болат Данияров, аға жаттықтырушы:

- Тауға жүгіртіп, тас лақтыртып, ауыр атлетика залында штангамен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл күш береді балаларға. Қысқа мерзімде жақсы спорттық формаға кіргізеді.

Хабар 24 телеарнасы