432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық гимнастшылар Әлем кубогы кезеңінде үздік атанды

  • 181
  • UPD: 23:52, 03.10.2020
Қазақстандық гимнастшылар Әлем кубогы кезеңінде үздік атанды фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан қазақстандық спортшылар Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Венгрияның Сомбатхей қаласында халықаралық доданың финалдық бәсекесінің бірінші күні аяқталды.

Нәтижесінде қазақстандық Нариман Курбанов спорттық ат снаряды бойынша үздік танылды. Ал Ілияс Азизов еркін жаттығу бойынша екінші орыннан көрінді.

Ертең Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалда 3 санат бойынша бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы