Маунтинбайктан Қазақстан командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жиын барысында спортшылар екі жарысқа қатысып үлгірді деп жазады Olympic.kz.
2 қазан күні Денис Сергиенко халықаралық сыннан екінші орын алса, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Егор Карасаев үздік үштіктен көрінді.
3 қазан күні Денис Сергиенко тағы бір халықаралық бәсекенің күміс жүлдегері атанды.