427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтпеуі мүмкін

  • 143
Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтпеуі мүмкін Prosports.kz

Ұлыбританияның Мәдениет, БАҚ және спорт министрі Оливер Дауден Лондондағы 2021 жылғы Еуропа чемпионаты өтпей қалуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионатқа сілтеме жасап.

«Мен турнир өтеді деп үміттенемін. Бірақ вирусқа қатысты жағдайды және ол болжауға келмейтінін ескере отырып, ештеңеге кепілдік беру қиын. Егер денсаулыққа қауіп төнсе, жанкүйерлер турнир өтуіне қарсы болуы мүмкін. Алдағы қыста біз тағы да аурумен бетпе-бет келеміз. Әрине, мен шешім қабылдаған кезде ең алдымен адамдардың денсаулығын басшылыққа аламын», - деді Дауден.

Еске сала кетелік, Лондонда топтық кезеңнің үш матчы, турнирдің 1/8 финалы, жартылай финал және финал өтуі керек еді.

Хабар 24 телеарнасы