428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англияда 67 жыл бұрынғы антирекорд қайталанды

  • 105
  • UPD: 12:23, 05.10.2020
Англияда 67 жыл бұрынғы антирекорд қайталанды

Англия чемпионатында 67 жылдан бері болмаған жағдай болды, деп хабарлады Prosports.kz.

Кеше «Ливерпуль» АПЛ-дің 4-турында «Астон Вилладан» 2:7 есебімен жеңілген болатын. Осылайша, команда ұзақ уақыттан бері Англия чемпионы ретінде 7 гол жіберген алғашқы клуб атанды. 

Мұндай жағдай соңғы рет 1953 жылы болған. Ол кезде ел чемпионы «Арсенал» «Сандерлендтен» 1:7 есебімен жеңілген еді. 

Айта кетейік, кешегі ойында «Ливерпуль» сапында Мохамед Салах дубль жасаған. Ал «Астон Вилла» құрамында Олли Уоткинс хет-трик жасаса, Джек Грилиш дубль авторы атанған, Джон Макгинн мен Росс Баркли бір голдан соққан болатын. 

Хабар 24 телеарнасы