427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ливерпуль» 57 жыл бұрынғы антирекордты қайталады

  • 88
  • UPD: 16:33, 05.10.2020
«Ливерпуль» 57 жыл бұрынғы антирекордты қайталады

Сульшердің соры қалың ба, әлде Мауриньоның бағы басым ба?

«Манестер Юнайтед» өз алаңында «Тоттенхэмнен» ойсырай ұтылып, есеп 1:6 бас бапкер Уле Гуннардың болашағына селкеу түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр да жергілікті жанкүйерлер «норвегиялық жаттықтырушымен алысқа ұзамаймыз» десіп, оның орнынан кетуін талап еткен. Енді сол әңгіме қайта қоздайтын шығар. Екінші минутта Бруну Фернандеш есеп ашқанда алаң иелері алаңсыз көрінген. Алайда екі минуттан кейін Ндомбеле таразы басын теңестріп, ал жетінші минутта Сон Хын Мин өз әріптестерін алға шығарғанда Марсьяль жүйкесі сыр беріп, жартылай қорғаушы 28-минутта ойыннан қуылды. Отызыншы минутта Хари Кейн, артынша тағы да Сон белсеніп, үзіліске дейін «Тоттенхэм» 4:1 есебімен ұтып жатты. Үзілістен кейін Орье көзге түсіп, матч соңына таман тағы да Кейн мергендігімен көзге түсті. Қортынды есеп – 6:1. «Манчестер Юнайтед» «Олд Траффордта» осындай қорлық көремін деп ойламаса керек.

Одан бері 57 жыл өтіпті. Англия чемпионы атанған «Арсенал» 1963 жылы қыркүйек айында «Сандерлендтен» ойсырай жеңіліп, өз тарихына қара таңба салғызып еді. Енді міне, 2020 жылдың 4 қазанында «Ливерпуль» Бирмингемде «Астон Вилладан» 2:7 есебімен жеңіліп, үш ұпайды қарсыласының қанжығасына байлап берді. Айтпақшы, 1963 жылы сәуір айында «Ливерпуль» «Тоттенхэмнен» дәл осындай есеппен жеңіліп, жанкүйерлерін жабырқатып алған. Содан кейін биікке ұмтылумен болды ғой. Ия, бір ғана матч. Бұдан кейін де қарсы келгенде жапыра жеңіп, бас бәйгкені алуға болады. Әйтсе де, бұл нәтиже енді оларға көлеңкесін түсірумен болатыны да анық. «Астон Вилла» төртінші минутта есеп ашты. Уоткинс көзге түскен. Ол үзіліске дейін хет-трик авторы атанып үлгерді. Бірінші таймда Макгинн де мергендік танытқан. Екінші таймда Баркли бір, Грилиш екі допты өз атына жазды. «Ливерпуль» сапынан екі голды да Салах соқты. Қортынды есеп – 7:2. «Астон Вилла» жеңіске жетті.

Қазақстан ұлттық футбол чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін командалар алғашқы айналымды аяқтады. Биылғы жағдайға байланысты жарыстастар екі дивизионға бөлініп, екі қалада өнер көрсеткені белгілі. Шымкенттегі топта «Ақтөбе» көш бастады. Өткен турда «Алтайдан» басым түсіп, «Қыраннан» екі ұпай ұзап шықты. Ал, Алматыда сынға түскен жеті команданың арасынан «Атырау» үздік шықты. Олар соңғы турда негізгі қарсыластары саналатын Оралдың «Ақжайығын» 1:0 есебімен жеңіп, премьер-лигаға бір қадам жақындады.

Биыл ұлттық біріншілікте кімнің топ жаратыны анықталып қалған секілді. Алматының «Қайраты» кезекті турда «Астананы» 3:0 есебімен ұтып, енді ешкімге дес бермейтіндей сыңай танытты. Есепті бірінші таймның ортасында Гүлжігіт Алықұлов ашты. Аяқдоп есігінен енді енсе де, қырғыздың жас ойыншысы сақа деген Абзал Бейсебековтің әбден мазасын алды. Бір ғана осы голмен тояттаса мейлі ғой. Үзілістен кейін Гүлжігіт сол қанаттан суырылып шығып, Айбол Әбікеннің аяғына доп салып берді. Ол да мүлт кеткен жоқ. Екі гол жіберген «Астана» мінез танытуы тиіс еді. Алайда олар Алықұловтың өнеріне тамсанумен жүрді. Гүлжігіт сол қапталдан тағы ойқастап шығып, қорғаушы Бейсебековті тақырға отырғызып, допты әріптестеріне бағыттап еді, Урош Радакович өз қақпасына гол соғып алды. «Қайрат» қарсыластарынан 8 ұпай ұзап шықты.

Хабар 24 телеарнасы