428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық «Барыс» араға бес жыл салып СКА командасын ұтты

  • 143
  • UPD: 14:21, 05.10.2020
Елордалық «Барыс» араға бес жыл салып СКА командасын ұтты

Құрлықтық хокей лигасы аясындағы матч Нұр-Сұлтан қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, ұзақ үзілістен кейін қазақстандық клуб алғаш рет өз алаңында ойнап тұр. Ал, оның қарсыласы – петерборлық СКА клубы. Кездесу барысында алғаш болып Антон Сагадеев гол соқты. Ал, Даррен Диц есепті еселеді. Бірақ қонақтар матч соңына дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Сөйтіп, қос команда овертаймда да нағыз мықтыны анықтай алмайды. Жеңімпаз тек буллиттер сериясынан кейін белгілі болды. «Барыс» сапындағы Романа Старченко шешуші голды соғып, өз комадасына ұпай сыйлады.

Еске сала кетейік, қазақстандлық клуб СКА ойыншыларын ең соңғы рет 2015 жылдың қазанында ұтыпты. Содан бері есе жіберумен келеді.

Хабар 24 телеарнасы