428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда теннистен іріктеу турнирі аяқталды

  • 96
  • UPD: 23:55, 05.10.2020
Нұр-Сұлтанда теннистен іріктеу турнирі аяқталды

Теннистен Нұр-Сұлтан қаласында 12-16 жастағы спортшылар арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

28 қыркүйек күні басталған теннис додасы өз мәресіне жетіп, жарыс жеңімпаздары анықталды.

2004 жылғы ұлдар арасында Ислам Орынбасар мен Дәулет Ануарбек жеңімпаз атанса, қыздар арасында Жанел Рүстемова мен Елизавета Гнилозубова үздік танылды.

2005 жылғы ұлдар арасында Ибрагим Тұрғамбеков пен Рустам Сарманов, қыздар арасында Ульяна Романова мен Дариға Сейсекеева іріктеуден іркілмей шықты.

Жарыс нәтижесі бойынша 2006 жылғы қыздар арасында Дариға Рүстемова, Саида Ахметова, Яна Кузнецова және Мелисса Джангарашева көзге түссе, Ілияс Маратұлы, Темірлан Аслан, Әмірхан Баязитов пен Степан Поздняков жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Сондай-ақ 2007 жылғы жасөспірім ұлдар арасында Ерасыл Бахтияр, Темірлан Кәрім, Әділбек Мырзагужин, Мәди Сексембаев пен Мансұр Жақанов, қыздар арсында Айлана Кенжибаева, Маргарита Винченко, Дилара Нұрмағамбетова, Жания Жексембаева мен Жанел Тағыбековалар мықтылар қатарын толықтырды. 2008 жылғы ұлдар арасында Ерасыл Алтынбек, Олжас Есенәлі, Мансұр Қайролла, Дамир Дүйсенғазин, Санжар Базарбаев және Ленар Марат, ал қыздар арасында Ариана Гогулина, Александра Семенова, Мария Маслова, Сания Маратқызы, Азэль Таир мен Сабира Әбдікәрім үздіктер тізіміне енді.

Айта кетерлігі, іріктеу турнирінде үздік атанған жас теннисшілер Ұлттық теннис орталығында тегін жаттығуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы