428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ағылшын премьер лигасында бір аптада COVID-19 жұқтырудың 9 жаңа дерегі анықталды

  • 81
Ағылшын премьер лигасында бір аптада COVID-19 жұқтырудың 9 жаңа дерегі анықталды

 

Бұл туралы турнирдің ресми сайтында хабарланды.

Еске сала кетейік, өткен тестілеу қорытындысында 9 спортшының шалдыққаны белгілі болды. Науқастар 10 күндей үйде ем алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Джиро Д'италия»: «Астана» капитаны үздік ондыққа енді

«Астана» капитаны Якоб Фульсанг «Джиро Д,италия» турнирінің үшінші кезеңінде үздік ондыққа ілікті. Дат велошабандозы мәреге бесінші болып келді. Осылайша, турнир кестесінде 9-орынға тұрақтады. Фульсанг жарыс көшбасшысы Жоау Алмейдадан 13 секундқа артта келеді. Еске салайық, қазақстандық команданың екі спортшысы көпкүндіктен шығып қалды. Оның бірі – Мигель Анхел Лопес. Жарыс басында құлап жарақат алса, Александр Власовтың да денсаулығы жарамай, бәйгеден бас тартуына тура келді.

«Ролан Гаррос»: Джокович ширек финалға шықты

Новак Джокович «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты. Серб спортшысы ресейлік Карен Хачановпен кездесіп, үш сетте де жеңіске жетті. Матчтың алғашқы минуттарында әлемнің бірінші ракеткасы абайсызда допты төрешінің басына тигізіп алды. Еске сала кетейік, мұндай келеңсіз жағдай таяуда ЮЭС Оупенде болған еді. Осы үшін де Джокович турнирден шеттелді. Оқиғаның қайталанғаны өкінішті деді спортшының өзі.

Новак Джокович, теннисші:

– Доп төрешіге қатты тиді. Себебі оған тым жақын жерде болдым. Бірден қасына барып, жағдайын сұрадым. Әрине, Нью-Йорктағы жағдайдан кейін әлдебіреулер бұл жағдайды ушықтыруға тырысуы мүмкін. Алайда мұндай келеңсіздікті кейінгі 15 жылда көптеген спортшы бастан өткерді.

Еуропадағы трансферлік терезенің соңғы күні

«Арсенал» Томас Партимен келісімшарт жасасты. Ол команда құрамында 18-нөмірде өнер көрсетеді. Өткен маусым нәтижесінде ойыншы қоржыны 4 гол, бір нәтижелі паспен толықты. Гандық жартылай қорғаушы үшін мадридтік «Атлетико» 50 млн евро сұрады. Ал «Матрасниктердің» өздері Партиді канонирлерден жалға алған Лукас Торрейромен алмастырмақ ойда. Бұдан бөлек, Эдинсон Каванидің де тағдыры шешілді. Ол «Манчестер Юнайтед» сапына өтті. Келісімшарт 1 жылға жасалып, уругувайлық форвардқа 10 млн евро көлемінде қаржы төленетін болды. Ал мюнхендік «Бавария» бір маусымға Дуглас Костаны қатарларына қосып отыр. Бразилялық 2015 -2017 жылдар аралығында неміс командасында доп тепкен еді.

Хабар 24 телеарнасы