427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәулет Дәукенов Минскіде Украина боксшысын жеңді

  • 59
  • UPD: 11:30, 07.10.2020
Дәулет Дәукенов Минскіде Украина боксшысын жеңді

Дәулет Дәукенов Минскіде өткен бокс кешінде өнер көрсетті. 27 жастағы жерлесіміз  19 жастағы украиналық Назри Рагимовпен жұдырықтасты.

Бірінші жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек 10 раундқа жалғасып, төрешілердің шешімімен Дәулет Дәукенов чемпион атанды. Осылайша ол  кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді әрі WBA Asia белбеуіне ие болды. 

Айта кетейік, Дәулет рингке бұған дейін 23 ақпанда шыққан еді. Броварахта (Украина) ол жергілікті боксшы Сергей Сорокпен кездесіп, басым түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы