428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі өтетін уақыт ресми түрде жарияланды

  • 200
  • UPD: 12:40, 07.10.2020
Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі өтетін уақыт ресми түрде жарияланды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов IBF Intercontinental жартылай орта салмақтағы белбеуі үшін Джулиус Индонгомен жұдырықтасады, деп хабарлады Prosports.kz.

Жекпе-жекті DAZN стримингтік қызметі ресми түрде жариялады. Бокс кеші 27 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында өтеді деп күтілуде. Индонго бірінші жартылай орта салмақта IBF, IBO және WBA (Super) титулдарын иеленді, еншісінде 23 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.

Елеусінов осы күнге дейін өткізген 9 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Бес кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында өткізіп, АҚШ өкілі Алан Санчесті нокаутқа жіберді.

Хабар 24 телеарнасы