428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» бас бапкері Пол Эшуортпен қош айтысты

  • 115
  • UPD: 16:36, 07.10.2020
«Астана» бас бапкері Пол Эшуортпен қош айтысты Sports.kz

Тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубының атқарушы директоры Пол Эшуортпен еңбек келісімшартын тоқтату туралы шешім қабылданды. 

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Пол елорда клубында 2019 жылдан бастап атқарушы директор лауазымында жұмыс істеді, соңғы айда бас бапкер міндетін атқарды. Осы уақыт аралығында команда екі рет Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетіп, Чемпионатта топ жарған. Одан бөлек Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, онда «Манчестер Юнайтед» ұжымынан басым түскен болатын.

«Астана» футбол клубы Эшуорт мырзаға атқарған жұмысы мен астаналық клубтың табысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. 

Қазіргі уақытта жаңа бас бапкерді шақыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде», - делінген мәліметте.

Хабар 24 телеарнасы