432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» карантиннен кейін сыртта өткізген алғашқы матчта жеңіліп қалды

  • 126
  • UPD: 11:05, 08.10.2020
«Барыс» карантиннен кейін сыртта өткізген алғашқы матчта жеңіліп қалды

Пол Эшуорт «Астанадан» кетті.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Ол елордалық клубта 2019 жылдан бері атқарушы директор болды. Ал соңғы айда бас бапкер міндетін атқарды. Осы уақыт аралығында команда екі рет Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетіп, Чемпионатта топ жарды. Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. «Қазіргі уақытта жаңа бас бапкерді шақыру бойынша жұмыс жүргізілуде», дейді клубтың баспасөз қызметі.

«Барыс» карантиннен кейін сыртта өткізген алғашқы матчта жеңіліс тапты. Команда Екатеринбургте «Автомобилисттен» 3:2 есебімен ұтылды. Айдын иелері ойын басында 2 шайба соқты. Кейін Питер Холланд пен Брукс Мэйсек көзге түсті. Елордалықтардан Роман Старченко командағы алғашқы ұпай сыйлады. Ресейліктер екінші кезеңде де қарқынын жоғалтпады. Макеев есеп айырмасын ұлғайтты. Бірақ артынша Якоб Лилья қарсы шабуыл кезінде қожайындардың қақпасына шайбаны дәл бағыттады. Қорытынды есеп: 3:2. Енді «Барыс» Қазақстанға қайтып оралады. Алдағы сенбі «Северстальмен» кездеседі.

***

Украинаның ұлттық құрамасы жанкүйерлерін жерге қаратты

Команда тарихта тұңғыш рет қақпаға 7 гол өткізіп алды. Әңгіме Франциямен өткен ойын туралы. Онда украиндықтар 7:1 есебімен ойсырай ұтылды. Есепті жартылай қорғаушы Эдуардо Камавинга ашты. Ол Франция футбол тарихында кейінгі 106 жылда гол соққан ең жас ойыншы атанды.

***

«Ролан Гаррос»: Новак Джокович жартылай финалға шықты

Новак Джокович «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты. Серб теннисшісі испандық Пабло Каррено-Бустуды жеңді. Джокович бірінші сетте есе жіберіп алды. Десе де, кейінгі үшеуінде барын салып бақты. Еңбегі еш кетпеді. 3 сағаттан аса уақыт жалғасқан матчта екі спортшы да сыр алдырмады. Дегенмен, Джокович көпті көрген ғой. Амалын тауып, айласын асырды. Әлемнің бірінші ракеткасы енді Стефанос Циципаспен кездеседі. Шешуші сында кім өнер көрсететіні сонда шешілмек.

***

Дзюдо жарыстары жанданады

Ұзақ үзілістен кейін дзюдо жарыстары қайта жанданады. Жапон жекпе-жегі бойынша ең алғашқы ауқымды турнир қазанның соңына жоспарланып отыр. Бұл жөнінде халықаралық федерация мәлімдеді. «Grand Slam» турнирі Венгрия астанасы Будапештте болады. Жарыс барысында коронавирустың алдын алу шараларына баса назар аударылады. Бұған қоса, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнир кестесі өзгеруі де мүмкін. Ал, Қазақстан ішіндегі чемпионаттар қыста басталады. Егер эпидемиялогиялық ахуал тұрақты болса, желтоқсанның ортасына қарай ел үздіктері өзара мықтыны анықтайды. Қазір жерлестеріміз оқу-жаттығу жиындарына қатысып, физикалық және психологиялық баптарын қалыпқа келтіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы