432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы жүлде қорын жариялады

  • 174
  • UPD: 16:06, 08.10.2020
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы жүлде қорын жариялады Prosports.kz

УЕФА Чемпиондар лигасының ағымдағы маусымында кірістерді бөлу жүйесі туралы ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүлденің жалпы сомасы 1,95 миллиард еуроны құрайды. Топтық кезеңге жеткен әрбір клуб 15,25 миллион еуроға ие болмақ.

Топтық кезеңдегі жеңіс 2,7 млн еуроға тең болса, тең ойынға 0,9 млн еуро беріледі.

Плей-офф кезеңінде:

1/8 финалға шығу - 9,5 млн;

1/4 финалға шығу - 10,5 млн;

1/2 финалға шығу - 12 млн;

Финалға жеткен командаларға 15 млн еуродан тағайындалған.

Чемпиондар лигасының жеңімпазы тағы 4 млн еуро алады.

Хабар 24 телеарнасы