428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үстел теннисінен Қазақстан командасы жаттығуын аяқтады

  • 69
  • UPD: 23:48, 08.10.2020
Үстел теннисінен Қазақстан командасы жаттығуын аяқтады

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Жиынға жалпы есебі 30 спортшы қатысқан, деп жазады Olympic.kz.

Карантиннен кейінгі жаттығуға ұлттық құрама үздіктерінен Кирилл Герасименко мен Айдос Кенжеғұлов ғана қатыспады.

«Ақбұлақтағы жаттығу жиында техникалық-тактикалық және арнайы физикалық дайындықты жетілдірдік. Жиынға келгенде спортшылардың дайындық деңгейі әртүрлі болған. 24 күнге созылған жаттығудан кейін барлығының шеберлігі артып, физикалық әлеуеті қалпына келді. Оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде өткізуге көмектескен Ұлттық Олимпиадалық комитет пен үстел теннисі федерациясына алғысымды айтамын. Енді жарыс басталатын күнді асыға күтеміз» дейді бас бапкер Эльмира Алиева.

Хабар 24 телеарнасы