430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өтетін бокс кеші қатысушыларының салмақтары өлшенді

  • 196
  • UPD: 14:11, 09.10.2020
Алматыда өтетін бокс кеші қатысушыларының салмақтары өлшенді

9 қазанда Алматы қаласындағы «Абылай хан» спорт кешенінде бокс кеші өтеді, деп жазды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Ескендір Харсан (7-1, 6 КО) мен беларусьтік Андрей Нурчинский (9-36-5, 7 КО) жұдырықтасады. 

Турнир қарсаңында кеш қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыластар көз арбасты.

Айта кетейік, кешті «Қазақ Батырлары» Youtube-арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы