430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шағын футболдан Коммунистер кубогы Жетісу ауданына бұйырды

  • 139
  • UPD: 01:55, 10.10.2020
Шағын футболдан Коммунистер кубогы Жетісу ауданына бұйырды

Алматыда шағын футболдан Қазақстан коммунистік партиясының кубогы жолындағы жарыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған турнирге 6 команда қатысты. Шараның ашылу рәсіміне арнайы келген Қазақстан футболының ардагері Вахид Масудов қатысушыларға сәттілік тілеп, допты ойынға өзі қосып берді. Алты команданың осалы болған жоқ. Дегенмен, жеңіске деген жігер мінез танытқан қалалық Жетісу ауданының командасы бас жүлдені қанжығаларына байласа, Бостандық ауданының футболшылары күміс жүлдені иеленді. Ал Әуезов ауданынан келген аяқдопшылар қола медальды қанағат тұтты. Жарысқа қатысқан барлық ойыншылар арнайы сыйлықтармен және құрмет қағаздарымен марапатталды.

Гүлдана Хасенқызы, ҚХКП Алматы филиалының ардагерлер және мәдени мұра бөлімінің төрайымы:

- Осы 9 айдан бері адамдар пандемия деп үйден шықпай кішкене шаршаңқырап қалды ғой. Адамның денсаулығын құрыс-тұрысын жазып, иммунитет көтеру үшін кішкене спортқа бейім қылу үшін жастарды сол үшін бүгін өткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы