428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

  • 161
  • UPD: 10:46, 10.10.2020
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жекпе-жек он раундқа есептелгенімен, кездесу екінші кезеңде бітті. Жәнібектің дәл тиген ауыр соққысынан кейін Г.Кория орнынан тұра алмай қалды. Мұның алдында аргентиналық боксшы бірінші раундта нокдаунға түскен еді. Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды.

23 жастағы Г.Кория бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде ұтылып қалған болатын. Бұл оның төртінші жеңілісі.

Хабар 24 телеарнасы