427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джокович «Ролан Гарростың» жартылай финалында Циципасты жеңді

  • 67
  • UPD: 14:53, 10.10.2020
Джокович «Ролан Гарростың» жартылай финалында Циципасты жеңді

Сербиялық теннисші Новак Джокович Франция ашық чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалдық кездесуде ол грекиялық Стефанос Циципасты 6:2, 6:2, 5:7, 4:6, 6:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3 сағат 58 минутқа созылды. Әлемнің бірінші ракеткасы 5 рет эйс жасады, 6 рет допты ойынға қосу кезінде қайталама қателік жіберіп, 22-ден 8 брейк-пунктты жүзеге асырды.

Беделді доданың финалында Джокович жартылай финалда Диего Шварцманды жеңген әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надальмен кездеседі.

Рафаэль Надаль жарыстың қазіргі чемпионы, былтырғы финалда Доминик Тимді жеңді - 6:3, 5:7, 6:1, 6:1.

Хабар 24 телеарнасы